Шымкент: Дүкенді тонаған қарақшылар қолға түсті

Шымкентте жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде үш қарақшы құрықталды.

Ұрлық оқиғасы 2021 жылғы 5 қаңтар күні таңертең орын алды, деп хабарлады Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қылмыскерлер Асқаров көшесіндегі азық-түлік дүкеніне басып кірді.

Шымкент қаласының Қылмыстық полиция басқармасы мен Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының қызметкерлері қарақшылардың жеке басын анықтады.

Олар Түркістан облысы мен Шымкент қаласының 2001, 2002 және 2003 жылдары туған тұрғындары болып шықты.

Оқиға болған жерді тексеру барысында криминалистер барлық қажетті заттай дәлелдемелерді жинап, тәркіледі. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 191 бабы 2 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Добавить комментарий