Шымкент: Басы жоқ мәйіт табылды

ІІМ Шымкентте жасалған жантүршігерлік қылмыс туралы хабарлады. 8 қараша күні таңертең «Қайнар-Бұлақ» алабының тұрғындары бұталардың арасынан басы кесілген ер адамның денесін тапты.

Қалада «Ұстап алу» жоспары жарияланды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері ізін суытпай кісі өлтірді деген күдікті ұстай алды.

Күдікті қазір тергеу изоляторында жатыр, тергеу жүргізілуде.

«Мәйітті табыла салысымен полицейлер келіп, барлық жерде сурет пен бейнежазбаға түсірді. Мен қаза тапқан адамды танимын, есімі Витей ғой деймін! Ол арасында ішімдік ішіп тұратын, ал басқа ештеңе айта алмаймын. Айтайын дегенім, бізде аудан криминногендік емес, 20 жыл ішінде маған ешкім тиіспеді. Тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз! Полицейлер бұл жерде жедел жұмыс істеуде, көмектеріңіз үшін рахмет», — деді «Қайнар-Бұлақ» тұрғын алабының тұрғыны Қорғанбай Досметов.

Жасалған кісі өлтірудің жай-жапсары тергеу мүддесі үшін жарияламайды. Тек 2001 жылы туған жас жігіттің ұсталғаны хабарланды.

«Ағымдағы жылдың 8 қарашасында полицияға Қаратау ауданының «Қайнар бұлақ» тұрғын алабында 1967 жылы туған ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған факті бойынша Шымкент қаласы Полиция департаментінің Қаратау ауданы АПБ-нің ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі («Кісі өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 2001 жылы туған күдікті азамат анықталып, ұсталды. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жариялауға жатпайды», — деді тергеуші Бауыржан Түлбашев.

Добавить комментарий