Шымкент: бала бензинді сусынмен шатастырып ішіп қойған

Шымкентте жазатайым оқиға орын алды. Ата-анасының қарауынсыз қалған бала бензинді сусынмен шатастырып ішіп қойған.

Нәтижесінде оның ауыз қуысы, өңеші пен асқазаны қатты күйіп, жедел жәрдем көлігімен Т.Орынбаев атындағы қалалық гипербариялық оксигенация орталығына жеткізді. Дәрігерлер балаға шұғыл көмек көрсетіп, оның өмірін сақтап қалды. Қазіргі уақытта оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда.

«Бала емін жалғастырады. Токсикологтар қазір оның жағдайын бақылап отыр. Ол толық сауыққанша орталықта болады», — деді гипербарикалық оксигенация орталығының дәрігері Шерзат Октябров.

Бүгінде бала өз бетінше тамақтана алады және дәрігерлердің айтуынша, бірнеше күннен кейін шығады.

Добавить комментарий