Шымкент: Алкоголь өнімдерін шығаратын жасырын цех жойылды

Шымкент қаласының тұрғыны қолдан жасалған алкоголь өнімдерін шығаратын цех ұйымдастырды. «Кәсіпкер» 28 жаста. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері спирттік ішімдіктерді заңсыз дайындау фактісін анықтап, дайын өнімдер мен оның ингредиенттерін тәркіледі.

«Жасанды есепке алу-бақылау таңбалары бар алты атаулы мың бөтелке алкоголь өнімі, құрамында спирт бар 1200 литр сұйықтық тәркіленді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», — деп хабарлады ҚР ҚМА баспасөз қызметі.

2021 жылдың басынан бері аумақтық департамент 11 астыртын цехты анықтады, заңсыз айналымнан 20 мың бөтелке контрафакт, 900 литрден астам спирт және 20 мың ЕБМ тәркіленді.

Қаржылық мониторинг агенттігі жалған алкоголь өнімін өндіру деректерінің жолын кесуде. Бұл заңсыз әрекет үшін 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу/айыру қылмыстық жауапкершілігі қарастырылғанын еске саламыз.

Добавить комментарий