Швейцария Украинаның мүддесін қорғайды

Келіссөздерде Швейцария Украинаның мүддесін қорғайды. Берн Ресей аумағында Украинаның мүддесін қорғауға дайын екенін мәлімдеді.

Бұған Ресей мен Украина арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың болмауы себеп болды.

Бұл туралы SRF телерадио хабарларын тарату компаниясы Швейцария Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

«Украина Ресей аумағында елдің мүддесін Швейцарияның қорғағанын қалайды. Бұл жөнінде келіссөздер аяқталды. Бұл келісім күшіне енуі үшін Ресей өз келісімін беруі керек», — деп мәлімдеді швейцариялық СІМ ресми өкілі.

Ол сондай-ақ Швейцария қос ел арасында делдал болуға дайын екенін әлдеқашан білдіргенін атап өтті.

«Швейцария келіссөздер мен кездесулерде қабылдаушы тараптың рөлін атқаруға дайын… және әлеуетті келіссөздерде сарапшылық деңгейімен бөліседі», — деп түсіндірді Швейцарияның сыртқы саяси ведомствосының өкілі.

Оның айтуынша, «Ресей Сыртқы істер министрлігі Швейцария мен Украина арасындағы келіссөздердің аяқталғанынан хабардар және келісімнің егжей-тегжейімен танысты».

Добавить комментарий