Швейцария сегіз ресейлікке қарсы санкция салды

Швейцария ұкіметі Ресей Федерациясының сегіз азаматын санкциялық тізімге қосу туралы шешім шығарғанын мәлімдеді.

Аталған тізімде Ресей ФТБ-ның Қырым Республикасы және Севастополь қаласы бойынша басқармасының бастығы Леонид Михайлюк бар.

Хабарланғандай, Швейцария Еуроодақтан кейін санкциялық тізімін кеңейтті. Бұған Қырымның Ресеймен қосылуы себеп болды.

Мемлекеттік экономика хатшылығының (SECO) сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, бұл шара 25 қазанда күшіне енді.

Санкциялық тізімде Леонид Михайлюктен басқа Ресей Қырым Республикасы және Севастополь қаласы бойынша ТК Бас тергеу басқармасының басшысы Владимир Терентьев, сондай-ақ Қырым судьялары Виктор Можелянский, Галина Редько, Михаил Белоусов, Андрей Долгополов, тергеуші Магомед Магомедов және прокурор Евгений Колпиков бар. Бернде ресми тұлғалар аталған адамдардар «Украинаның аумақтық тұтастығына, егемендігі мен тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін және қауіп төндіретін саясатты жүзеге асыру әрекеттерін белсенді қолдағаны үшін» қара тізімге қосылғанын айтты.

SECO өз сайтында атап өткендей, Қырым мен Севастополь қаласына қатысты «Украина билігі берген шығу тегі туралы сертификаты болмаса [тауарлардың] импортына тыйым салынады» . Бұдан бөлек, бірқатар швейцариялық тауарларды экспорттауға және қызмет көрсетуге тыйым салынған.

Бейтарап Швейцария Еуроодаққа мүше емес, бірақ оның санкциялық саясатының ұстанады. Украинадағы мемлекеттік төңкерістен кейінгі оқиғаларға қатысты санкциялар енгізу туралы қаулы бастапқыда Бернде 2014 жылдың 2 сәуірінде қабылданған болатын. Содан бері Швейцарияда қара тізім 30 рет өзгерді. Бұл ретте Швейцария бұл шараларды санкция деп атамайды: құжаттарда «Украинадағы жағдайға байланысты халықаралық санкцияларды айналып өтуге кедергі келтіруге бағытталған шара» деп айтылған.

Добавить комментарий