Швейцария РФ-ға қарсы санкциялар тізімін кеңейтті

2023 жылғы 20 сәуір, бейсенбі күні Швейцария үкіметі Ресейге қарсы санкциялық тізімін кеңейтіп, оған «Вагнер» жеке әскери компаниясы мен «Федералдық жаңалықтар агенттігі» (РИА ФЖА) халықаралық ақпарат агенттігін енгізді.

Бұл туралы хабарлама санкцияларға жауапты экономикалық мәселелер, білім және зерттеулер департаментінің сайтында жарияланды. Жаңа резолюция осы екі ұйымға қарсы санкция салуды көздейді.

Санкциялар бейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де (Мәскеу бойынша 19:00) күшіне енеді деп хабарланды. Бұған дейін, 13 сәуірде Еуроодақ ресейлік жеке және заңды тұлғалардың қара тізімін кеңейтіп, оған «Вагнер» және «РИА ФЖА» енгізгені туралы ақпарат тараған.

Добавить комментарий