Швециядағы РФ елшілігінің алдында жанжал болды

Швециядағы Ресей елшілігінің алдында екі әйелдің ұрысқан сәті камераға түсіп қалған. Түсірілген бейнематериал Швециядағы Украина елшілігіне берілді.

Егде жастағы әйел Стокгольмдегі Ресей Елшілігінің алдына қойылған украиндық рәміздерді фашистік деп атады, деп хабарлайды украиналық БАҚ.

Ол украиналық бойжеткеннің ескертуіне жауап ретінде осылай айтты. Екі әйел тек орыс тілінде сөйлескен.

Егде жастағы әйел бірнеше минут бойы бойжеткенді балағаттап, сонымен қатар Украинадан келген әйелдер Стокгольмде жезөкше болып немесе үй күтушісі болып жұмыс істейді деп мәлімдеді.

Белсенділер видеоға ағылшын тілінде субтитр қойып, оны барлығына қолжетімді қылып жариялады. Осының арқасында бұл оқиға кеңінен таралды.

Орын алған оқиғаға Украинаның Швециядағы елшілігі түсініктеме берді. Андрей Плахотнюктің айтуынша, елшілік құқық қорғау органдарына видеодағы әйелдің әрекетіне назарға алуды сұрады.

Украиналық белсенділер еәйгде жастағы елдің тұрғылықты жері мен жеке мәліметтерін анықтап, жариялады. Ол Ресей тумасы және бұрын мұғалім болып жұмыс істеген. Оның әлеуметтік желідегі парақшасында Z символы жарияланған.

Видео авторы — Spotify, бұрын IKEA, Grammarly-де жұмыс істеген және украин әскериіне арналған броньды кеудешелерді сатып алуға қаражат жинауда.

Добавить комментарий