Шуда болған жаппай төбелес: Екі адам қайтыс болды

Шу қаласында болған жаппай төбелес кезінде жарақат алған екі адам қаза тапты.

Құқық қорғау органдарының баспасөз қызметі оқиғаның жай-жапсарын баяндады.

23 қазан сағат 21.00 шамасында Шу қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде алкогольдік ішімдік ішу барысында бес азаматтың арасында жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан. Келтірілген пышақ жарақаттарының нәтижесінде 2 адам қаза болып, бір тұрғын Шу қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды.

Жүргізілген тергеу амалдарының нәтижесінде 44 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. 34 жастағы қайда жүргенін анықтау шаралары қабылданып жатыр. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Тергеу жүргізіліп, бірқатар сот сараптамалары тағайындалды.

Добавить комментарий