Шотландия тәуелсіздік үшін күресті жалғастырмақ

Шотландия тәуелсіздік үшін күресіп, мақсатына қол жеткізген соң, ел Еуроодаққа қосылады.

Бұл туралы жұма күні Шотландия ұлттық партиясының (ШҰП) баспасөз қызметі хабарлады.

Шотландия парламентіндегі ШҰП депутаты Джиллиан Мартиннің айтуынша, Ирландияның тәуелсіз мемлекет ретіндегі үлгісімен Шотландия да «тәуелсіз ел болып, ЕО-ға қосылу керек». «[Еурокомиссия басшысы] Урсула фон дер Ляйен Шотландия Еуроодаққа қосылатын болса, ел гүлденетінін айтты», — деп ЕК басшысы Ирландия ЕО-да «орасан зор әлеуетін» ашқанын айтқан сөзіне қатысты пікір білдіре отырып.

«Ұлыбритания Шотландияны жібермей уысында ұстап отырған кезде, басқа да тәуелсіз мемлекеттер дамып, бай-бақуатты болып жатыр және кедейлік деңгейі Біріккен Корольдікке қарағанда әлдеқайда төмен», — деп толықтырды шотландтық саясаткер.

Бұған дейін ШҰП Ұлыбритания 2020 жылдың ақпанында ЕО құрамынан шыққаннан (Brexit) кейін екі жылдың ішінде Шотландияның экспорты 13%-ға немесе £2,2 млрд (шамамен $2,5 млрд) төмендегенін жариялаған болатын.

23 қарашада Ұлыбритания Жоғарғы соты Шотландия билігіне тәуелсіздік туралы жаңа референдум өткізуге бас тартты. Сот процесі Шотландияның бірінші министрі және ШҰП лидері Никола Стерджен бастамасымен ұйымдастырылды. Сол арқылы Эдинбург өз бетінше консультативтік референдум тағайындау мүмкіндігіне ие болуға үміт білдірді. Стердженнің өзі мұндай плебисцитті 2023 жылдың 19 қазан айында өткізгісі келетінін мәлімдеді, алайда Лондон бұған бас тартты, содан кейін ШҰП сотқа жүгінді.

Добавить комментарий