Шотландияда тәуелсіз және егеменді мемлекет ретінде елдің мәртебесін анықтауға арналған қайта референдум өткізу жобасы бойынша жұмыс жүргізілуде. Заң жобасын келесі шақырылымдағы парламент қабылдайды деп болжануда.
Бұл туралы 2 қыркүйек сәрсенбі күні BBC хабарлады.
Атап айтқанда, бірінші министр Никола Стерджен жаңа референдум үшін уақытша шектеулер мен мәселелер жазылған заң жобасы дайындалатынын айтады. Референдум 2021 жылдың мамыр айында өтетін Шотландия парламентіне сайлауынан бұрын жоспарланбайды.
Бұл ретте «егер болашақта Шотландия парламентінде заң жобасы көпшіліктің қолдауына ие болса, Британия үкіметі үшін енді Шотландия халқының өз болашағын анықтау құқығын елемеу үшін моральдық немесе демократиялық негіздеме болмайды», — делінген заң жобасының бағдарламасында..
Шотландиялық оппозиция Стердженді әлеуметтік мәселелерді шешуге асықпай, тәуелсіздік мәселесін көтерді деп айыптады.
2014 жылғы референдумда шотландықтардың 55% Ұлыбританиядан тәуелсіздікке қарсы дауыс берді. 2016 жылдың жазында Brexit бойынша плебисцитте Шотландия тұрғындарының 62% ЕО-ға мүше болуды қолдады.
2017 жылдың наурызында шотланд парламенті тәуелсіздік туралы жаңа референдум өткізуді қолдады, бірақ кейінірек Стерджен Brexit-тің қандай жағдайда өтетіні түсінікті болуы керек деп, одан уақытша бас тартты.
2019 жылдың қыркүйегінде Шотландияның бірінші министрі аймақтың Ұлыбританиядан тәуелсіздігі туралы қайта референдум өткізуді жақтап, Шотландия Brexit жағдайында ЕО-ға мүше болуға ниетті екенін мәлімдеді.
2019 жылы қарашада Глазгода Шотландияның тәуелсіздігін қолдауға арналған марш өтті, оған шамамен 20 мың адам қатысты.