Шольц пен Зеленский Украина қақтығысын шешу перспективасын талқылады

Украина президенті Владимир Зеленский мен ГФР канцлері Шольц қарулы қақтығысты шеші мәселесі бойынша келіссөз жүргізді.

Украина Президенті Киевтің Берлиннің қорғаныс саласындағы қолдауын бағалайтынын және Украинаның ЕО-ға мүше болуы шін ГФР-ның көмектесетініне сенім білдірді.

Украина президенті Владимир Зеленский ГФР канцлері Олаф Шольцпен Украинадағы ахуал мен бейбітшілік орнату перспективасын талқылады.

«Олаф Шольцпен жемісті келіссөз жүргіздім. Біз соғыс алаңындағы жағдайды, РФ-ға қарсы қысымды жалғастыру, санкцияларды күшейтк, бейбітшілік орнату перспективасын талқыладық», — деп жазды Зеленский сейсенбі күні Twitter-де.

Зеленский Киев Германияның қорғаныс саласындағы қолдауын бағалайтынын және Берлин Украинаға ЕО-ға мүше болуы үшін көмектесетініне сенім білдірді.

Дүйсенбі күні Шольц Киевке тек хаттамалық суретке түсу үшін емес, Украина астанасына «нақты мәселелер қозғалса» ғана баратынын мәлімдеді. Ол соңғы айларда Зеленскиймен бірнеше рет сөйлескенін еске салды ал оның ұзақтығы 10-11 сағатқа созылды.

Добавить комментарий