Дик Фаррел — құрама штаттарда радио жүргізуші, екпе салдыруға қарсы қозғалыстың белсенді мүшесі короновирустан қаза тапты, бірақ жан тапсырар алдында достарын екпе алуға шақырды
Бұған дейін Фаррел елдің бас инфекционистін «биліктің есінен адасқан адамы» деп, ал вакциналарды «алаяқтық» деп санаған, деп хабарлайды Daily Beast.
Фаррел ұзақ уақыт бойы Уэст-Палм-Бичтегі радиода бағдардарлама жүргізіп, медициналық билік пен вакциналарды сынаған. Вирус туралы ол республикашылдарды мазақ ету үшін демократтардың «ойдан шығарған» айласы екенін айтқан.
Үш апта бұрын Фаррел коронавирусқа шалдығып ауруханаға түскен соң өз пікірінен айнып қалды.
Дик Фаррелдің досы Ли Хейр өзінің Facebook-тегі парақшасында жүргізуші қайтыс болғаннан кейін вакцина салдыруға шешім қабылдағанын жазды.
Досым қайтыс болған соң екпе алдым. Ол маған SMS жолдап, екпе салдыруға кеңес берді. Ол вирустың ойыншық емес екенін айтып, екпе салдырмағанына өкініш білдірді, — деп жазды Хейр.