KASE сауда-саттық бір доллар үшін 430,4 теңге көлемінде жабылғанын жариялады

Қазақстан қор биржасы (KASE) доллардың сауда-саттығы 2021 жылғы 15 сәуір күні сағат 17:00-дегі жағдай бойынша 430,4 теңге белгісінде жабылды.

Хабарланғандай, Нур-Сұлтанның айырбастау пункттерінде америкалық валютаны сатудың максималды бағамы 431,5 теңгені құрады.

KASE ақпараты бойынша, сауда-саттықта минималды бағамы бір АҚШ доллары үшін 429 теңге деңгейінде қалыптасты, максималды — 431,30 теңге, жабылу бағамы — 431,20 теңге. АҚШ валютасы бойынша сауда-саттық көлемі 204 млн 954 мың долларды құрады. Валютамен операциялар бойынша мәмілелер саны — 815. АҚШ валютасының орташа алынған бағамы 15:30-дегі жағдай бойынша 430,26 теңге деңгейінде қалыптасты. Kurs.kz мәліметінше, елорданың айырбастау пункттерінде американдық валютаны сатудың максималды бағамы 17:00-де — 431,5 теңгені, Алматыда — 432,1 теңгені құрады.

Ұлттық банктің 15 сәуірдегі ресми бағамы 1 АҚШ доллары үшін 430,99 теңгені құрайды. 16 сәуірде ресми бағамды анықтаудың қолданыстағы тәртібіне сүйене отырып, ол 1 доллар үшін 430,26 теңгені құрайды.

Добавить комментарий