Қаскелеңде екі шетелдіктің мәйіті табылды, олардың денесінде зорлық-зомбылық белгісі бар. Қаза болғандар — Тәжікстан азаматтары. 26 маусым күні сағат 00:50-де облыс тұрғындарының бірі қаладағы жекеменшік үйлерінің бірінен екі адамның мәйітін көріп, Қарасай ауданы полиция департаментіне дереу хабарлаған.
Полиция жедел іс-шаралар жүргізіп, көп ұзамай қаза болған азаматтардың жеке басын анықтады — олар 1989 және 1996 жылғы екі ер адам. Оларды өлтірді деген күдікпен 1980 жылы туған тәжікстандық азамат ұсталды.
Көп ұзамай полицейлер ізін суытпай күдіктіні ұстады. Ол Уақытша ұстау изоляторына қамалды. «Кісі өлтіру» қылмыстық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.