Шетелдік вакциналар ақылы болады

Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтарға импорттық вакциналарды салдыру үшін ақысын төлеу керек болатынын айтты.

Ал Қазақстанда әзірленген вакциналар тегін болып қалады.

Қазақстанда басқа елдерден тәуелсіз клиникалық жағынан тиімділігі дәлелденген өз вакцина шығара аламыз, сондықтан біз бұл вакцинаны тегін кепілдендірілген медициналық көмек шеңберінде сатып алатын боламыз.

Оның айтуынша, қалған вакциналар да нарықта коммерциялық айналымға жіберіледі.

Қазір компанияларды Қазақстан нарығына вакцина жеткізіп, өз қызметтерін ұсынуға үгіттеп жатырмыз, — деп түйіндеді ол.

Добавить комментарий