Шетелдік БАҚ: Қытайдың IT компаниялары РФ-дағы бизнестен бас тартуда

Шетелдік БАҚ хабарлағандай, Ресейге ноутбук жеткізу 40%-ға төмендеді.

Қытайлық технологиялық компаниялар Ресейде санкциялар мен компоненттерді жеткізушілердің қысымына байланысты жұмыс істеуді тоқтатады, бірақ Бейжің батыстық санкцияларға қарсы болғандықтан ресми мәлімдеме жасамайды. Бұл туралы The Wall Street Journal хабарлады.

WSJ хабарлауынша, бірнеше ірі технологиялық фирма ешқандай жария мәлімдеме жасамай, Қытай компаниялары көптеген өнімдер нарығында үстемдік ететін Ресейге жеткізілімдерді қысқартуда.

Олардың қатарына әлемдегі ең ірі дербес компьютер өндіруші — Lenovo және Ресейде HP мен Samsung-тан кейін сатылым бойынша екінші орында тұрған смартфондар мен гаджеттерді өндіруші Xiaomi бар.

Басылымның хабарлауынша, қытайлық фирмаларды жабдықтайтын америкалық чип өндірушілер клиенттерінен олардың жартылай өткізгіштерінің Ресейге жеткізілетін тауарларға түспеуін талап етті.

«Егер ДК өндіретін қытайлық компания негізгі чиптерді жеткізушіден айырылатын болса, онда катастрофа болады. Сіздер олардың неліктен осыған ұшырағысы келмейтінін түсінетін шығарсыздар», — деді Canalys компаниясының атқарушы директоры Стив Брейзер.

ҚХР-дың соңғы сауда есебінің мәліметінше, Қытайдың Ресейге экспорты наурызда ақпанмен салыстырғанда қысқарды. Ноутбуктерді жеткізу 40%-ға, смартфондарды жеткізу — үштен екіге, ал телекоммуникациялық базалық станцияларды экспорттау — 98%-ға қысқарды.

Қытайдың Ресейге жалпы экспорты бағалық мәнде 27%-ға төмендеді

АҚШ Сауда министрі Джина Раймондо сәуір айында АҚШ-тың экспорттық бақылауы Ресейге жоғары технологиялық тауарлар импорты екі еседен астамға қысқартқанын, нәтижесінде Ресейге жартылай өткізгіштер жетіспеуде екенін мәлімдеді.

Еске салайық, 18 қытайлық ұшақ Тайвань әуе қорғанысы аймағына кірген болатын

Добавить комментарий