Шетелдік БАҚ Нидерландыда Путиннің күйеу баласының жері тәркіленгенін хабарлады


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2023/05/speech-54926-1685099939-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Нидерланд билігі Ресей президенті Владимир Путиннің қызы Мария Воронцованың бұрынғы күйеуі Йоррит Фаассенге тиесілі жер учаскесіне тәркілеу туралы шешім қабылдады.

Бұл ақпарат «Жоба», The Guardian және Follow the Money басылымдарын жүргізген тергеу нәтижесінде әшкереленді.

Аумағы 1432 шаршы метр болатын жер телімі Амстердамның оңтүстік-шығысында, Дуйвендрехти ауданында орналасқан.

Қазіргі уақытта учаске пайдаланылмайды, бірақ 2021 жылы Фаассен үй мен бірнеше шағын кеңсе ғимараттарын салуға өтініш берген.

Алайда 2022 жылдың наурыз айында Амстердама муниципалитеті Фаассеннің Путинмен байланысы барын анықтап, құрылысқа рұқсат беру процесін тоқтатты. Айта кетейік, кәсіпкер Мәскеуде тұрақты тұрады.

Нидерланд жер кадастрының деректерінде ұлттық прокуратура 12 мамырда қылмыстық тергеуге байланысты қаржылық, экономикалық және экологиялық бұзушылықтарға байланысты учаске тәркіленгені айтылған.

Фаассеннің қандай қылмыстық тергеуге қатысы бары белгісі, Нидерланд прокуратурасы жерді неліктен тәркіленгенін жарияламады.

Сонымен қатар, тергеушілердің мәліметі бойынша, жақында тәртіп сақшылары Фаассенді Схипхол әуежайына келгенде «санкциялардан жалтарды» деген күдікпен жауап алған. Сондай-ақ, оның ноутбук пен ұялы телефоны тәркіленгені хабарланды. Олардың мәліметінше, осыдан кейін Фаассен Мәскеуге оралған.

Добавить комментарий