Шетелдік азаматтар ЖСН-ды онлайн режимде ала алмайды

Шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар ҚР электрондық үкімет сайтынан ЖСН-ді онлайн режимде ала алмайды.

Қызметтің қолжетімділігін қалпына келтірудің жоспарланған мерзімі — 1 қазан. Қызметті тоқтатуға не себеп болғаны көрсетілмеген.

ІІМ мәліметінше, наурыз айынан бері 35 782 Ресей азаматы ЖСН алды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16 есе көп (2230 ресейлік) және 637 Украина азаматы, бұл өткен жылмен салыстырғанда үш есе көп (213 украин).

Еске салайық, 16 мамырда әнші Лев Лещенко Алматыда ЖСН алып, Kaspi Bank-тен банк картасын ашқан болатын. Бұдан кейін қазақстандық банктер ресейліктерге есепшот ашу үшін қойылатын талаптарды қатайтқаны хабарланды.

Добавить комментарий