Шетелден келген қазақстандықтарды мобильді қосымшаның көмегімен бақылайтын болады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басшысы айтты. Министрлікте елге шетелден келгендерді бақылау үшін «Zertteu» жаңа қосымшасы әзірленді.
«Zertteu» қосымшасы эпидемиологиялық тергеу жүргізуге көмектесетін болады.
Қолданыстағы жүйені елге сырттан келушілер өтінішті қағазға толтыратындықтан ыңғайсыз деп атайды. Содан кейін бұл ақпаратты орталық бақылау органына беру керек, бұл орган оны дерекқорға енгізе бастайды, барлығы қосымша уақытты алады және белгілі бір қиындықтар тудырады. Оны автоматтандыру үшін біз арнайы мобильді қосымша жасадық, оны сырттан келушілерге телефонға орнатуды ұсынамыз, және тиісті сауалнамалық деректерді электронды форматта бере аламыз, — деп хабарлады цифрлық даму министрі Бағдат Мусин Сенатта өткен үкімет сағатында.
Бұған дейін министрлік «Saqbol» бағдарламасын ұсынған болатын. Бұл хабарлама функциясын іске қосу арқылы Covid-19 диагнозы нақтыланған азамат өз ортасындағы адамдарға соңғы 14 күн ішінде сақ болуын ескертуге мүмкіндік береді.
Мысалы, егер осы кездесуге қатысқан біреуімізден коронавирус анықталса, қалғандарыңызға ПТР-тест өткізіңіз, сіз вирус жұқтырған адаммен байланыста болуыңыз мүмкін деген аноним хабарлама келеді, — деп түсіндірді министр.
Сонымен қатар, барлық деректер базасы Денсаулық сақтау министрлігімен біріктірілген.