Бұған сайлау учаскелерінде партиялардан, Мәжіліс депутаттарынан және бір мандатты үміткерлерді таңдауға арналған бірнеше бюллетеньдер пайда болғаны себеп болды. Шетелдегі дипломатиялық мекемелерде ашылған барлық сайлау учаскелері елорданың Есіл ауданына қарайды, сондықтан Қазақстан азаматтары тек партияларға ғана дауыс бере алады. Сондай-ақ Смадияров қазақстандықтарды сайлаушылар тізіміне енгізу үшін дипломатиялық мекемелермен алдын ала хабарласуды сұрады, себебі елшіліктерде бюллетеньдер саны шектеулі.