Шешенстан: Өлтірілген содырлар шетелден келді

Рамзан Қадыров терроризмге қарсы операция барысында кеше Грозныйда өлтірілген содырлар елге шетелден келгенін мәлімдеді.

«Шешенстан Республикасында лаңкестік құрылымдарға әлдеқашан нүкте қойған. Өңірге заңсыз қарулы топ мүшелерінің шетелден келгендігі туралы ақпарат құқық қорғау органдарына дер кезінде пайда болды. Оларды ұстау үшін жедел шаралар жүргізілді», — деп түсіндірді Қадыров.

Республика басшысының айтуынша, лаңкестердің орналасқан жерін анықтауға жергілікті тұрғындар да көмектесті, олар «жеке меншік үйлердің бірінде күдікті адамдар туралы дер кезінде хабарлаған».

Естеріңізге сала кетейік! Кеше Шешенстан республикасында терроризмге қарсы операция өтіп, оның барысында төрт содыр өлтірілді.

Олар осы аймақ аумағында бірқатар лаңкестік әрекеттерді жоспарлаған деп хабарлайды. Оқиға орнынан қару-жарақ, байланыс құралдары, оқ-дәрілер тәркіленді.

Республика Президенті Рамзан Қадыров қылмыскерлердің суреттерін жариялап, былай деп мәлімдеді:

«Шамасы, тозақтың иттері біздің шешендер республикасында бандиттер азаматтардың тыныштығын бұзбауы үшін бейбітшілік пен тәртіпті қалпына келтіргенімізді ұмытты. Аймақтағы тұрақтылыққа қауіп төндіретін кез келген адам дереу көзін құртамыз. Осылай болды және бұдан былай да осылай болады!»

Добавить комментарий