Түркістан облысының әкімдігі «Керуен-сарайы» маңында құрап кеткен ағаштар мердігер ұйымға тиесілі екенін мәлімдеді. Бұл ретте, олар көгалдандыру жұмыстарының орындалуын бақылап отыру керек екенін ұмытқан сияқты, мердігер компания аспаннан салбырап түскен жоқ, оларды тендерлік тәртіпте таңдап алған.
Хабарланғандай, кешеннің аумағында Түркістан климатына төзімді өзге сұрыпты көшеттер отырғызылады.
Түркістандағы «Керуен-сарай» туристік кешеніндегі ағаштарды асығыс және қалай болса солай отырғыза салдғандықтан құрғап кетті.
Кешенді салған түркиялық Sembol Construction-ға қарасты Эко Лайф компаниясының өкілдері кінәсін мойындады.
Компанияның бас менеджерінің айтуынша, кешеннің ашылуына асыққан мердігер түркиялық талдарды тиісті ережені сақтамай, қалай болса солай, асығыс отырғыза салған. Соның кесірінен көгермей жатып қураған кешен маңындағы Чинар және Сакура ағаштары қазір тамырымен қопарылып, қазып алынып жатыр. Ал күзде олардың орнына Түркістан табиғатына төзімді өзге сұрыпты көшеттер егіледі. Талдар тағы да сол Түркиядан әкелініп, жерсіндірілмек.
Компания өкілдерінің айтуынша, Түркістанда құрғап кеткен ағаштарды өз қаражаты есебінен отырғызған. Шығын сомасы және құрғап кеткен ағаштардың нақты санын айтпай отыр.
» Компания өкілдері түркиялық талдардың Түркістан топырағына жерсініп кетуіне өздері де күмәнмен қараған. Суару технологиясынан ешқандай кемшілік жоқ. Бірақ көшеттерді егу мерзімі ерте болғандықтан, талдар тамыр ала алмай қалған. Енді мердігер бұндай қателікті жібермейміз деп отыр», — деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов.