«Шекара-2021»: ҰҚШҰ-ға мүше елдер терроризмге қарсы бірлескен операция жүргізді

ҰҚШҰ-ға мүше елдердің әскерилері «Шекара-2021» терроризмге қарсы оқу-жаттығу операциясын жүргізді

ҚР Қарулы Күштерінің жойғыш көлігі содырлардың шартты тобына зымыранды-бомбамен соққы жасады.

Қырғызстанда ҰҚШҰ-ға мүше елдердің өкілдері содырларды оқшаулау мен жою бойынша оқу-жаттығу өткізді.

Оқу-жаттығуға Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжікстан Республикасының, ҰҚШҰ Біріккен штабы мен Хатшылығының әскери контингенттері мен жедел топтары қатысты, барлығы мыңнан астам адам «Шекара-2021» бірлескен оқу-жаттығуының ақтық кезеңі өткізді.

«Оқу-жаттығуға қатысушылар терроризмге қарсы бірлескен операция өткізіп, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттің аумағына басып кірген заңсыз қаруланған құралымдарды жою бойынша жауынгерлік іс-қимылдарға дайындалу және оларды жүргізу мәселелерін пысықтады. Оқу-жаттығу барысында заңсыз қаруланған құралымдардың жауынгерлік топтары мен жасақтарын оқшаулау және жою бойынша бірлескен әскери операция жүргізілді», — деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Ақтық кезеңде әскерилер елді мекендерді «тазалау» жұмыстарын пысықтады..

ҚР Қарулы Күштерінің Су-30СМ жойғышы көліктегі заңсыз қаруланған құралым содырларының шартты тобына зымыранды-бомбамен соққы жасады.

Терроризмге қарсы бірлескен операцияның жүргізілуін Қырғыз Республикасында тіркелген Түркия Республикасының, Ресей Федерациясының, АҚШ-тың, Қазақстан Республикасының, Үндістанның, Ұлыбританияның, Германияның, Францияның, Жапонияның әскери атташелері бақылады.

Добавить комментарий