Ұшатын көлік бір қаладан екінші қалаға ұшты. AirCar атты ұшатын көлік алғашқы қалааралық рейс жасады.
Канаттармен жабдықталған көлік Словакиядағы Нитра мен Братислава әуежайлары арасында 35 минутта 70 шақырымды бағындырды. Прототиптің ойлап тапқан Стефан Клэйн көлікті басқарды.
AirCar 2,5 шақырым биіктікте сағатына 190 шақырым жылдамдықпен ұшты. Братиславаға қонғаннан кейін автокөлік жолда өз жолымен жүрді.
Сынақ сәтті аяқталғаннан кейін әзірлеуші дәл осындай аппаратты, бірақ барынша қуатты қозғалтқышы бар көлікті құрауды жоспарлап отыр.