Шахталардың бірінде шетелдік азаматтың денесі табылды

Ақмола облысы ПД 2023 жылғы 10 қаңтарда өңірдегі жұмыс істемейтін шахталарының бірінің аумағында адамның денесі табылғанын хабарлады. Қаза тапқан адам шетелдік азамат болып шықты.

Ведомстводағылар оқиғаның егжей-тегжейін айтып берді. Степногорск полиция басқармасына Бестөбедегі кеніште орналасқан «Центральная» алтын өндіру шахтасының горизонтынан ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Тергеу-жедел тобы қаза тапқан адамды заңсыз алтын іздеген екі адам тауып, жер бетіне шығарғанын анықтады. Өлімнің алдын ала себебі — бас жарақаты. Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр. Сондай-ақ, қаза тапқан адам 1982 жылы туған Өзбекстан азаматы екені белгілі болды. Ол Қазақстанға 2022 жылдың маусым айында келген, алайда оның көші-қонға тіркелмеген. Қазiргi уақытта аталған фактiсi тiркелiп, тиiстi сараптамалар тағайындалды.

Добавить комментарий