Алматы түбінде әскери ұшақ апаты салдарынан зардап шеккендердің денсаулық жағдайы жақсарғанына байланысты жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды.
Бұл туралы № 4 ҚКА-ның бас дәрігері Сағи Бейсенбеков хабарлады.
«Екі пациенттің де жағдайы тұрақты. Маманданырылған бөлімде ем қабылдап жатыр», — деді № 4 ҚКА бас дәрігері Сағи Бейсенбеков. Бұған дейін № 4 ҚКА бас дәрігері екі науқастың да есін жиғанын хабарлаған болатын. Сонымен қатар, Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев әуе апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтып, оларға барлық қажетті көмек көрсетіліп жатқанын айтты. Естеріңізге сала кетейік, 13 наурыз күні сағат 17:22-де Алматы әуежайының жанына AН-26 әскери ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Нәтижесінде төрт адам қаза тапты. Зардап шеккен екі адам Алматыдағы № 4 ҚКА-ғажет кізілді.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңындағы әуе апатының себептерін анықтауды тапсырған. Кейінірек ұшақ ҚР ҰҚК авиациялық қызметіне тиесілі болғаны белгілі болды.