Ұшақ апаты бойынша айыпталғандардың бірі кінәсін мойындамады

Кеше, 2021 жылғы 5 мамырда сотта Bek Air ұшағы апатқа ұшырағаннан кейін белгілі болған жемқорлық бойынша айыпталғандарға соңғы сөз берілді.

Сатып алу-сату мәмілесімен айналысқан риэлтор ғана айыптайтын дәлелдемелермен келіспей, өз кінәсін мойындамады.

Риелтор Нұрайым Алданыш тағылған айыптармен келіспеді. Әйел құжатты рәсімдеу жұмысымен айналыспаған, тек учаскені сатқанын айтты.

«Егер аталған істің құжаттары мен мән-жайларына қарайтын болсақ, онда Нұрайым Алданыштың бұл қылмысқа ешқандай қатысы жоқ деген қорытындыға келуге болады. Ол өзінің қызметтік міндеттерін атқарды. Яғни, ол риелтор ретінде тек жер телімдерін ғана сатумен айналысқан. Рәсімдеумен айналыспаған. Жұмыс берушінің өтініші бойынша сатқан», — деп мәлімдеді сотталушының адвокаты Азамат Бәкенов.

Адвокаттың айтуынша, риелторға тапсырма берген жұмыс беруші бұл істе жоқ.

12 адамның өмірін қиған ұшақ апаты 2019 жылдың 27 желтоқсанында болды. Сол күні таңғы сағат жетіде Bek Air ұшағының жолаушылары Алматыдан ұшып шыққан, бірақ бір минут өткеннен кейін ұшақ радардан жоғалып, үш минуттан кейін дабыл белгісі қағылған.

Кейінірек Bek Air ұшағы биіктігін жоғалтып, Алматы әуежайының қоршауын бұзып, Гүлдала ауылында салынып жатқан екі қабатты үймен соқтығысқаны анықталды.

Добавить комментарий