Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ әскерлерін Қазақстаннан шығару екі күннен кейін басталатынын мәлімдеді.
Еліміздің барлық өңіріндегі жағдай тұрақты, ҰҚШҰ-ның негізгі миссиясы аяқталды, деп хабарлады Қазақстан Президенті.
«Жалпы контртеррористік операцияның негізгі фазасы аяқталды. Барлық өңірдегі жағдай тұрақты. Осыған байланысты ҰҚШҰ-ның бітімгершілік күштерінің негізгі миссиясы сәтті аяқталғанын мәлімдеймін. Екі күннен кейін ҰҚШҰ біріккен бітімгершілік контингентін кезең-кезеңмен шығару басталады. Контингентті шығару процесі 10 күннен аспайды», — деді Тоқаев сейсенбі күні Мәжілісте (парламенттің төменгі палатасында) сөйлеген сөзінде.
Тоқаевтың айтуынша, қоғамның біртұтастығы жүйелі түрде шайқалып келген, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қауіп-қатерді байқамады.
«Біздің қоғамның біртұтастығы кәсіби әзірленген сценарийлерге сәйкес, наразылық акциялары арқылы әдіснамалық тұрғыдан бұзылды. Радикалды шаралардың нақты орындаушыларын дайындау жасырын түрде жүргізілді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті уәкілетті орган ретінде бұл зұлымдыққа нақты баға бере алмады және бергісі де келмеді, ұлттық қауіпсіздікке қатер төнгенін байқамады», — деді Тоқаев.
Мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті сәтсіздікке ұшырады
Тоқаев содырлар елді билікті басып алуды көздегенін, бұл ретте шабуылдың нақты жоспары болғанын мәлімдеді.
«Қазақстанға шабуыл жоспары әскери, саяси, идеологиялық, жалған ақпарат және басқа да бірқатар аспектілерді қамтыды. Билікті басып алуды даярлауда кәсіби мамандар жұмыс істеді «, — деді ол.
Тоқаевтың айтуынша, Қазақстандағы мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті сәтсіз аяқталды.
«Мемлекеттік төңкеріс, елдің тұрақтылығына қол сұғу әрекеттері сәтсіздікке ұшырады. Біз біртұтас ұлт ретінде Алматыны және басқа да облыс орталықтарын қорғап қалдық. Олар қысқа мерзімде қалпына келтіріледі», — деді Мемлекет басшысы.
Тоқаев құқық қорғау органдарының барлығы бірдей өз борышына адалдық танытпағанын атап өтті. «Бірқатар қалаларда Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттерінің басшылары жеткілікті әскери арсеналға қарамастан, ұрысқа қатыспай, қару-жарақ пен құпия құжаттарды сол жерде қалдырып, ғимараттарды тастап кетті», — деп мәлімдеді президент.
Қазақстанда ұлттық қауіпсіздік жүйесі қайта құрылады
Тоқаев республикаға ұлттық қауіпсіздік жүйесін қайта қалыптастыру керек екенін мәлімдеді.
«Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің барлық жүйесін түбегейлі қайта құру сияқты стратегиялық міндетке ерекше тоқталғым келеді. Қарулы күштеріміздің, құқық қорғау құрылымдарының, ұлттық қауіпсіздік органдарының, сыртқы барлау органдарының жұмысын қайта құру міндеті тұр. Олардың барлығы бір мақсат — кез келген сипаттағы және ауқымдағы қауіп кезінде азаматтарымызды, конституциялық құрылымды, егемендікті барынша тиімді қорғау мақсатында үйлесімді жұмыс істеуі тиіс», — деді ол.
Тоқаев Қазақстан билігі елдегі діни экстремизм мен криминалдың өршуіне жол бермеу керек деп мәлімдеді.
«[Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі шаралар кешенін іске асыруды тапсырамын. Оның қылмыс әлемімен, әсіресе қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сыбайласуына жол бермеу керек», — деді ол.
Әлеуметтік теңсіздік проблемасы
Сонымен қатар, Тоқаев Қазақстанда әлеуметтік теңсіздік мәселесі шиеленісіп, Қазақстанда мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігі сұрақтар туындайтынын мәлімдеді. Қазақстанның Даму банкінің қызметі қайта құрылатын болады, деп атап өтті ол. Қазақстанда екі ай ішінде халықтың табысын арттыру бағдарламасы қабылданады.
Тоқаев Қазақстанда әлеуметтік қоғамдық қор құруды тапсырды. Қазақстан Президенті ірі бизнес өкілдері жыл сайын әлеуметтік қоғамдық қорға қаражат бөлуі керек деп мәлімдеді.
Ұлттық валютаны тұрақтандыру
Тоқаев Қазақстанның Ұлттық банкіне ұлттық валюта нарығында тұрақтылықты қамтамасыз етуді тапсырды. Қазақстанда инфляция деңгейін бақылау үшін шаралар кешені әзірленеді, деп хабарлады ол. Сонымен қатар, Тоқаев Қазақстан шетелдік инвесторлар алдындағы барлық міндеттемелерді орындалатынын, сондай-ақ елден шетелге шығарылатын барлық қаражатты тексерілетінін мәлімдеді.