Қазақстанда 2023 жылғы 19 наурызда өткен парламенттік сайлау халықаралық нормалар мен еліміздің ұлттық заңнамасының талаптарына сәйкес ұйымдастырылып, өткізілді.
Бұл туралы дүйсенбі күні өткен брифингте Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ ПА) Парламенттік ассамблеясы миссиясының үйлестірушісі, Беларусь парламенті төменгі палатасының қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комиссия басшысының орынбасары Александр Маркевич мәлімдеді.
«Сайлау Қазақстан Республикасының заңнамасына және халықаралық нормаларға сәйкес өткізілгенін атап өткен жөн, — деді ол. Бюллетеньдерді беру тәртібі, үгіт-насихат ақпаратын орналастыру, дауыс беру процесін ұйымдастыру, дауыстарды санау тәртібіне қатысты заң талаптарын бұзу деректері болмады. Сондықтан осы нәтижені халықаралық байқаушылар тобы қорытындысында бекеттік.
Қазақстан парламентінің төменгі палатасына мерзімінен бұрын сайлау аралас жүйе бойынша ұйымдастырылды: Депутаттардың 70%-ы партиялық тізімдер бойынша, 30%-ы бір мандатты округтер бойынша сайланды. Кеше түнде жарияланған қоғамдық пікір сауалнамасының қорытындысына сәйкес, еліміздегі ең ірі «Аманат» партиясы сайлауда 53%-дан астам дауыс жинап көш бастап тұр, ал төменгі палатаның құрамына өту үшін небәрі 5%-дық межеден елімізде тіркелген жеті партияның бесеуі немесе алтауы аса алды.
Сонымен қатар, ҰҚШҰ Парламенттік ассамблеясы бақылаушыларының миссиясы жексенбі күні Қазақстанда өткен парламенттік сайлау барысында сайлау учаскелерінде қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің жоғары деңгейін атап өтті.