«KEGOC» АҚ қолайсыз ауа райына байланысты үш облыста жарық өшкенін айтты.
Естеріңізге сала кетейік! Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарының тұрғындары жарықсыз қалды.
«17 қарашада Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарында шаңды боран тұрып, ылғалды қар жауып, қатты желдің салдарынан елорда уақытымен сағат 09:00-ден 11:50-ге дейін 110, 220 кВ әуе желілері бойынша, оның ішінде өңірлік электржелілік компанияларында жарық өшірілді», — делінген сәрсенбі күні таратылған компанияның хабарламасында.
Қазіргі уақытта қолайсыз ауа райының сақталуына байланысты жедел деректер бойынша шектеулердің жиынтық көлемі Р = 281 МВт құрайды, оның ішінде Қызылорда АЭК өңірлік электр желілерінде 30 МВт, «ЖЭС» ЖШС 50 МВт, «Оңтүстік Жарық транзит» ЖШС 55 МВт, «Қазфосфат» ЖШС 137 МВт, «Тараз металлургия зауыты» ЖШС 2 МВт, «Минерт зауыты 7МВт.