Абайлаңыз, қолайсыз ауа райы болады! Үш облыста дауыл күтіледі

Төртінші желтоқсанда Қазақстанның үш облысында қолайсыз ауа райы күтіледі. Синоптиктер ел аумағының едәуір бөлігіне дауыл келе жатыр деп ескертті .

4 желтоқсанда Жамбыл облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын күтіледі (көбінесе қар). 3-5 желтоқсанда кей жерлерде тұман, көктайғақ, төменгі бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Таразда 3-5 желтоқсанда кей уақытта тұман түседі. 4-5 желтоқсанда кей уақытта көктайғақ күтіледі. Дауыл ықтималдығы 90-95%.

Қарағанды облысында 3-5 желтоқсанда кей жерлерде тұман түсіп, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан, кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Дауыл ықтималдығы 70-75%.

Маңғыстау облысының солтүстігінде 3 желтоқсанда түнде 20°С-қа дейін қатты аяз болады. Дауыл ықтималдығы 85-90%.

Добавить комментарий