ҰҚШҰ оқу-жаттығулары: Қазақстанда 2022 жылы турлардың бірі өтеді

ҰҚШҰ шеңберіндегі алдағы әскери оқу-жаттығулар барлау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, авиация, бітімгершілік және басқа да контингенттердің командалық-штабтық, арнайы және бірлескен оқу-жаттығуларын қамтитын болады. Оларды өткізудің егжей-тегжейін мүше елдердің өкілдері талқылады, сондай-ақ Қазақстан аумағында Жедел әрекет ету ұжымдық күштерінің оқу-жаттығуларын өткізуге келісті.

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«ҰҚШҰ Біріккен штабы базасында Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын басқару органдары мен құралымдарын бірлесіп даярлаудың 2022 жылға арналған жоспары бойынша кеңес өтті. Тараптар ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын даярлау мәселелерін талқылады», — делінген хабарламада.

Аталған іс-шара ҰҚШҰ Біріккен штабы бастығының міндетін уақытша атқарушы генерал-майор Сергей Куприктің басшылығымен Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстанның мүдделі министрліктері мен ведомстволары, Хатшылық және Біріккен штаб өкілдерінің қатысуымен өткізілді. Қазақстанның Қарулы Күштерінен ҚР ҚК Бас штабы Стратегиялық жоспарлау департаментінің бастығы генерал-майор Марат Аймашев қатысты.

Кеңес барысында ҰҚШҰ-ға мүше елдердің мүдделі министрліктері мен ведомстволары өкілдерінің ұсыныстарын ескере отырып, барлау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету күштері мен құралдарымен, жедел ден қою ұжымдық күштерімен (Қазақстанда), ұжымдық әуе күштерімен, ҰҚШҰ Бітімгершілік күштерімен, сондай-ақ Орталық Азия өңірінің жедел өрістету ұжымдық күштерімен өткізілетін командалық-штабтық, арнайы және бірлескен оқу-жаттығулар талқыланды.

Добавить комментарий