Әскери қызметшілердің үлесі 40%-ға көтерілді

Қазақстанның қорғаныс министрінің орынбасары Мұхамеджан Таласов Қазақстанның әскери қызметшілеріне арналған үлестің құны ұлғайтылғанын айтып, сондай-ақ сарбаздар асханаларындағы тағамдардың сапасын атап өтті.

«Қарулы күштер құрылғалы азық-түлік мөлшерінің нормалары өнімдердің ассортиментін жақсарту мақсатында үш рет өзгерді. Биыл Жоғарғы Бас Қолбасшының қолдауымен барлық азық-түлік өлшемдерінің құны орта есеппен 40%-ға өсті. Мысалы, жалпыәскери үлес бағасы 1225 теңгеден 1713 теңгеге дейін өсті, бұл тамақтану сапасын едәуір жақсартуға мүмкіндік берді», — деді Таласов.

Ол қазіргі уақытта Тамақтану академиясымен бірлесіп сарбаздардың тағамдарын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Сарбаздардың тамақтану рационына жылқы еті, қой еті, балықтың түрлерін қосу деп жоспарланып отыр.

«Бүгінгі таңда сарбаздар сиыр етімен, ірімшікпен, жеміс-жидекпен, дәрумендер қоспаларымен, гематогенмен, шырынмен және тағы басқалармен тамақтанады. Алдағы үш жылда барлық сарбаздардың асханаларында жөндеу жұмыстары жүргізіліп, цехтар заманауи технологиялық жабдықтармен толтырылатын болады. Қазір барлық тамақтану залдарында дайындалған тағамның сапасын бағалаудың планшеттік жүйесі енгізіледі. Әскери қызметшінің жайлылығы — нәтижелі іс-қимылдың кепфілі», — деп атап өтті Таласов.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде сарбаздар металл ыдыстың түбінде қатып қалған «ботқа» іспеттес тамақты көрсеткен видеосы таралған болатын.

Сондай-ақ, олар кішкентай  шұжық пен ірімшікті көрсетіп, 17 адамға  бөлу керек екенін айтты.

Кейінірек Қорғаныс министрлігі жағдайға түсініктеме берді — бұл видео 2019 жылы Луговой горнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде түсірілгенін мәлімдеді.

«Иә, әлеуметтік желілерде ондай видео таралды. Бұл 2019 жылы болды. Сол кезде әскери бөлімшенің командирі мен оның орынбасары қызметінен босатылды. Азық-түлік жеткізген фирмаға жарты миллион теңгенің айыппұлы салынды. Біз үнемі бақылау шараларын жүргізіп отырамыз. Өкінішке қарай, ондай жағдайлар болып жатады», — деп түйді Таласов.

Добавить комментарий