ШҚО: Мектеп маңында сібір жарасын жұқтырған мал көмілген

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті ШҚО-да мектеп маңында сібір жарасын жұқтырған мал көмілгенін анықтады. Өңір аумағында 101 жерлеу орнының 95-інде ссанитарлық-қорғау аймағын сақтау бойынша бұзушылықтар бар. Бірқатар жағдайларда малдарды тұрғын үйлер маңында көмген, бұл азаматтардың денсаулығына қауіп төндіреді.

Департаменттің хабарлауынша, ШҚО әкімдіктері сібір жарасы көмілген мал қорымдарын санитарлық-қорғау аймағында орналасқан жер учаскелерін әртүрлі мақсаттарға берген. Мысал ретінде, Күршім ауданында сібір жарасын жұқтырған мал көмілген 650 метр жерде орта мектеп бар. Департамент сібір жарасын жұқтырған малдарды аталған жерде көму өрескел бұзушылық екенін мәлімдеді.

Добавить комментарий