ШҚО әкімдігі интернеттегі ақпараттық қызметтерге шамамен 36 млн теңге жұмсамақ

ШҚО әкімдігі алты интернет-сайтта жазба жариялауға шаамен 36 млн теңге бөлді. Мемлекеттік сатып алуға конкурс ашылды. Тапсырыс беруші — ШҚО ішкі саясат басқармасы.

«Өңірдің қоғамдық-саяси өмірі туралы қазақ және орыс тілдеріндегі ақпараттық материалдарды алты ақпараттық сайтта жариялау қызметтері», — делінген мемлекеттік сатып алу порталында орналастырылған хабарландырудың атауында.

«Атауы — ақпараттық материалдарды дайындау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау/орналастыру жөніндегі қызметтер; қосымша сипаттама — өңірлік желілік басылымда 2021 жылға арналған мемлекеттік ақпараттық саясаттың негізгі тақырыптық бағыттары бойынша қазақ және орыс тілдерінде ақпараттық материалдарды орналастыру жөніндегі қызметтер; жоспарлы сома — T35 714 285,71», — делінген лоттың сипаттамасында.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді алдын ала қабылдау 8-23 қазан аралығында өтеді.

«Қызмет көрсету көлемі: кемінде алты ақпараттық сайтта 2-5 суретпен 888 сөзі бар материал жарияланады (тапсырыс берушінің келісімі бойынша). Қызмет көрсету мерзімі: 2021 жылдың 25 желтоқсанына дейін», — делінген конкурстың техникалық ерекшелігінде.

Добавить комментарий