Мамандандырылған ауданаралық сот Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Басқармасының бұрынғы басшысына ірі көлемде пара алғаны үшін үкім шығарды.
Спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары “О-ны” қызметтік өкілеттігін асыра сілтеп, ауыр салдарға әкеліп соқтырғаны үшін (361-бап, 4-бөлігі, 3-тармағы), ЖШС-нің бұрынғы басшысы “Б-ны” алаяқтық жасағаны үшін (ҚК 190 -бабы, 4-бөлігі, 2 -тармағы) соттады, — деп хабарлады ШҚО бойынша ҚМАС баспасөз қызметі.
Комитет төрағасының экс-орынбасары “О” мен ЖШС-нің бұрынғы басшысы алдын ала сөз байласу бойынша Риддер қаласындағы олимпиадалық резерв колледжі — Республикалық мамандандырылған мектеп-интернатының 300 орындық оқу корпусы құрылысына бөлінген ақшадан орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қою арқылы жалпы сомасы 354 112 947 теңгені құрайтын бюджет қаражатын ұрлады.
Сондай-ақ, Комитеті басқармасының бұрынғы басшысы “Х” 2018 жылдың мамыр-желтоқсан айлары аралығында ЖШС-нің экс-басшысы “Б-дан” 35 013 881 теңге ақшалай қаражат және құны 13 000 000 теңге болатын өзге де мүлік (автомашина) түрінде пара алды деп айыпталды.
Сонымен қатар, ЖШС-нің бұрынғы басшысы бола тұра Б. алдау мен қиянат жасау арқылы 2018 жылдың тамыз айынан 2019 жылдың сәуір айына дейінгі кезеңде нысанның құрылысына бөлінген 172 323 635 теңге сомасындағы бюджет қаражатын жымқырды: Аягөз ет комбинаты аймағындағы су тарту құрылыстары мен су құбыры желілері, Қопа ауылындағы су тарту құрылыстары мен су құбыры желілері, Ай ауылындағы су тарту құрылыстары мен су құбыры желілеріне бөлінген қаражатты.
Сот Комитет басқармасының бұрынғы басшысын 5 жылға, Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының экс-орынбасарын 3 жылға, ЖШС басшысы 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, — деп хабарлады ведомства.
Сотталғандар өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айырылады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.