ШҚО-да үш баланың анасын өлтірген қаскөй ұсталды

Риддер қаласында әйелдің өліміне алып келген қылмысты ашу үшін полицейлер алты күн бойы жедел-тергеу іс-шараларын жүргізді.

Жедел уәкілдер күдіктіні ұстады. Ол бұған дейін бірнеше рет сотты болған 34 жастағы ер адам болып шықты. Полицияның хабарлауынша, ер адам кінәсін мойындаған.

Ол жауап алу кезінде қылмысқа бару себебі оңай олжаға кенелу екенін айтты, күдікті орман алқабынан өтіп бара жатқанда, кетіп бара жатқан әйелден күміс бұйымдар мен қолына қысқан сөмкесін көрген.

8-11 жас аралығындағы үш бала анасынан айырылып қалды.

Қалалық әкімдік қызметкері 26 тамызда таңертең үйінен жұмысқа кетіп, алайда сол күйі онда жетпей, хабар-ошарсыз жоғалып кеткен. Әйел қоңырауларға жауап бермеді. Кешке қарай орман алқабын тексеру барысында, жоғалып кеткен адам әдетте уақытын қысқарту үшін жұмысқа баратын жолдардың бірінен алыс емес жерде зорлықпен өлтірілген,тұншығу және бірнеше пышақ жарақаттарымен оның мәйіті табылды.

Оқиға орнына облыс орталығынан полиция департаментінің, прокуратураның басшылығы, сондай-ақ криминалдық полиция қызметкерлері дереу жетті.

«Алты күн бойы жедел-тергеу іс-шаралары тәулік бойы жүргізілді. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды, оның әрекеттері ҚР ҚК-нің 99 және 192-баптары бойынша сараланады, олардың санкциялары 20 жылға дейін жазаны немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруды көздейді», — деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Қазіргі уақытта анасынан қалған жас балалар жақын туыстарына қамқорлыққа берілді, жергілікті атқарушы органдар қажетті көмек көрсетуде.

Добавить комментарий