ШҚО-да әлеуметтік маңызы бар автобус маршруттарында тасымалдау бойынша 900 млн. теңгеден астам субсидия төлемеу фактісі анықталды

Өскемен қаласының прокуратурасы жүргізген талдау барысында қалалық тұрғын-үй шаруашылығы бөлімі облыс орталығында әлеуметтік маңызы бар автобус маршруттарын жүзеге асыратын тасымалдаушылармен жасалған шығындарды субсидиялауға арналған шарттар шеңберінде кәсіпкерлерге 900 млн.теңгеден астам сома төленбегенін және орындалған жұмыстар туралы есептерді олар жергілікті атқарушы органға белгіленген мерзімде ұсынғанын анықтады.

Осы фактілер бойынша Өскемен қаласының прокуратурасы заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізіп, нәтижесінде тасымалдаушыларға 700 млн.теңгеден астам субсидия төленді. Қалған қарыз сомасын өтеу жалғасуда және қала прокуратурасының бақылауында.

Субсидия төлемеу бойынша проблема Өскемен үшін ғана емес, Қазақстанның басқа қалаларындағы әлеуметтік маңызы бар автобус маршруттары үшін үшін де өзекті болып отыр. Мәселен, Оралда жолаушылар тасымалдаушыларына берілетін субсидиялар соңғы алты жылда 150 есеге жуық өсті, бірақ бәрібір ағымдағы шығындарды өтемейді.

Добавить комментарий