ШҚО-да қар жауды

Бүгін, 18 тамызда Шығыс Қазақстан облысында Риддер маңындағы Проходной Белок жотасын қар басып қалды.

Мұнда 1870 метр биіктікте спорт базасы орналасқан.

Қазгидромет ақпаратты растап, алдағы күндері облыс аумағында күн суытатынын хабарлады.

«Болжам бойынша облыстың таулы аудандарында, Риддер қаласында, Катонқарағай ауданында алдағы күндері жауын-шашын және бұрқасын түрінде жауын-шашын болады, облыстың шығысында күн суытып, үсік түсуі ықтимал», — деп хабарлады синоптиктер.

Айта кетейік, ШҚО ТЖД минус 2 градусқа дейін айтарлықтай суытатынын ескертті.

Добавить комментарий