ҰҚШҰ-ның жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігін ашылады

Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілдігін ашу жоспарлануда.

Қазіргі уақытта Өкiлеттi өкiлдің қызметі «Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт ұйымының жанындағы Тұрақты Кеңестегi Қазақстан Республикасының Өкiлеттi өкiлi туралы ереженi бекiту туралы» ҚР Президентінің 2005 жылғы Жарлығына сәйкес жүзеге асырылады.

Ресей БҰҰ ҚК төрағасы ретінде БҰҰ мен ҰҚШҰ өзара іс-қимыл мәселесі бойынша пікірталас өткізеді

ҰҚШҰ Жарғысына 2010 жылы енгізілген өзгерістерге сәйкес Ұйымның ұйымдық құрылымы жаңғыртылды, атап айтқанда, ҰҚШҰ мүше мемлекеттердің өкілетті өкілдерінің мәртебесі Ұйым жанындағы Тұрақты және Өкілетті өкілдермен ауыстырылды. ҰҚШҰ жанындағы Тұрақты өкілдікті құру 2002 жылғы 7 қазандағы ҰҚШҰ құқықтық мәртебесі туралы келісімнің 22-бабында көзделген.

Жобаның мақсаты — Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы жанындағы Тұрақты кеңестегі Қазақстан Республикасының Өкілетті өкілінің мәртебесін ҰҚШҰ нормативтік-құқықтық құжаттарына және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес келтіру.

Добавить комментарий