Қостанайлық полицейлер жедел іс-шара өткізіп, нәтижесінде интернет желісі арқылы алаяқтық әрекетінің 67 фактісін анықтады.
Хабарланғандай, ағымдағы жылдың 12-14 мамыр аралығында облыс аумағында ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жасалған құқық бұзушылықтарға, оның ішінде интернет-алаяқтыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыруға бағытталған «Hi-tech» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қолда бар мәліметтерге сәйкес, үш күннің ішінде Қостанай облысы ПД киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері 68 қылмыс фактісін тіркеді, оның ішінде 67-сі интернет алаяқтық фактісі, 1 факті «Арнайы техникалық құралдарды дайындау» бабы бойынша тіркелді.
Бұрын жасалған 30 қылмыс ашылды.
Полиция қызметкерлері онлайн-несие рәсімдеуге қатысты 57 интернет-алаяқтық фактісін анықтады. Жәбірленушілер Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында тұрады. Елорданың 26 және 32 жастағы тұрғындары 2020 жылдың қазан айынан 2021 жылдың сәуір айына дейін әлеуметтік желіде қол жеткізген азаматтардың жеке деректерін пайдалана отырып, несие рәсімдеп келген. Займ сомасы 100.00-нан 300.00 теңгеге дейін болды. Барлығы 7 миллион теңгені құрады. Жәбірленушілер бұдан да көп болуы мүмкін деп болжануда.
Алаяқтардың арбауына түспес үшін келесі ережелерді ұстану керек: