ҰҚШҰ ұйымның сайтына шабуыл жасалғанын хабарлады

ҰҚШҰ ұйымның сайтына шабуыл жасалып, бұзылғанын хабарлады.

Сайтта зақымданған деректерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

ҰҚШҰ баспасөз қызметі 14 қыркүйекте ұйымның ресми сайты бұзылып, DDOS-шабуылға ұшырағанын хабарлады.

Бұл ҰҚШҰ сайтында ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім аясында Беларусь және Ресей әскерилері Арменияға жіберу жоспарланып отырғаны туралы жаңалық пайда болған сәтте шабуыл жасалды.

«13 қыркүйек күні сағат 23:00 шамасында ҰҚШҰ ресми сайты DDOS-шабуылына ұшырады», — делінген хабарламада.

Хабарламада айтылғандай, ресурстың жұмыс қабілеттілігі бұзылып, кейбір ақпараттық хабарламаларға өзгерістер енгізудің рұқсатсыз әрекеттері тіркелді. Сайт 14 қыркүйек күні сағат 07.00-ге дейін қолжетімсіз болды.

«Қазіргі уақытта сайттың жұмысы ішінара қалпына келтірілді, рұқсатсыз араласуды жою және зақымдалған немесе жоғалған деректерді қалпына келтіру бойынша іс-шаралар жүргізілуде», — деп хабарлады ҰҚШҰ баспасөз қызметі.

Қазақстан ҰҚШҰ-ның бітімгерлерін Арменияға жіберуді жоспарлап отырған жоқ. СІМ атап өткендей, объективті ақпарат алу маңызды, себебі екі жақтан екі түрлі мәліметтер келіп түсуде.

14 қыркүйекте ҰҚШҰ жағдайды бағалау үшін Арменияға миссиясын жіберетіні белгілі болды. Миссия құрамына ұйымға мүше елдердің өкілдері кіреді. Миссияның міндеті Әзірбайжанмен қақтығыс аймағындағы жағдайды бағалау, мемлекет басшыларына баяндама дайындау және шиеленісті азайту бойынша ұсыныстар әзірлеу болмақ.

Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ-ның Армения-Әзірбайжан шекарасындағы жағдай жөніндегі кеңесінің сессиясына қатысты. Ол жағдайды тұрақтандыру үшін барлық ықтимал шараларды қабылдауға және дереу келіссөздерге кірісуге шақырды. Отырысқа Ресей президенті Владимир Путин, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан премьер-министрі Кохир Расулзода, Беларусь қауіпсіздік кеңесінің мемлекеттік хатшысы Александр Вольфович, ҰҚШҰ бас хатшысының орынбасары Валерий Семериков қатысты.

Бұған дейін ҰҚШҰ Закавказьеде шиеленіс өршуін реттеу бойынша жұмысты бастағанын хабарлады. Сондай-ақ Арменияның үндеуіне күш қолдануға жол берілмеу керек деп санайтындарын айтты.

Добавить комментарий