Үш баласын асып өлтіріп, артынша өзіне қол жұмсады: полиция жаға ұстатарлық қылмыс жайлы хабарлады

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының полицейлері 2022 жылғы 11 желтоқсанда орын алған жаға ұстатарлық қылмыстың мән-жайын айтты.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 38 жастағы ер адам үш баласын асып өлтіріп, артынша өзіне қол жұмсаған.

«11 желтоқсан күні сағат 19.45 шамасында Мұнайлы ауданының полиция бөліміне Мұнайлы ауданында өздіктерінен асылып өлу белгілері бар 4 мәйіт табылды деген хабарлама келіп түсті.

Бұл шақыруға жедел-тергеу тобы барды. Өздіктерімен асылып өлген 38 жастағы ер адам, сондай-ақ 8 жастағы, 4 жастағы және 10 айлық балалар анықталды.

Тексеру барысында Б. есімді азаматпен жіберілген аудиожазба анықталды. Ол жұбайы Д. есімді азаматшаға өлетінін және балаларын өзімен бірге алып кететінін айтқан.

Бұл оқиға отбасылық жанжал негізінде орын алғандығы және бұл адамдардың ажырасқалы жатқандығы белгілі болды. Ерлі-зайыптылардың екеуінің де тұрақты жұмыс орындары болған.

Бұл дерек ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі бойынша Мұнайлы ауданының Пб СДТБТ-де тіркелді. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Бұл ретте көрінеу жалған ақпарат тарату Қылмыстық Кодекстің 274-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатындығын ескертеміз.

Добавить комментарий