Үш баланың анасы мас күйде көлік тізгізгендегені үшін ұсталды: Ол бес жылға қамалуы мүмкін

Ақтөбе қаласында үш баланың анасы мас күйде көлік тізгіндегені үшін темір торға қамалды, ол бұрын осындай тәртіп бұзғаны үшін көлік жүргізу құқығынан айырылған болатын. Полицейлер қала көшелерінде күдік тудырған көлікті байқаған.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, Тексеру кезінде көлікті басқарған 51 жастағы әйелдің масаң күйде екені анықталды. Медициналық куәландыруға сәйкес жүргізуші «жеңіл дәрежедегі масаң күйде» болған. Сонымен бірге, 2021 жылдың мамыр айында сот шешімімен оны масаң күйде көлік басқарғаны үшін 3 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырғаны белгілі болды.

Алайда, жазаға және кәмелетке толмаған үш баласының барына қарамастан, жүргізуші мас күйінде көлікті басқарған. Аталған әйел 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру және өмір бойы жүргізуші куәлігінен айыру жазасына кесілуі мүмкін. Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі бойынша «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Добавить комментарий