ҰҚШҰ Армения мен Әзірбайжан шекарасындағы жағдайды реттеуге кірісті

ҰҚШҰ Әзірбайжан мен Армения арасындағы шиеленіскен жағдайды реттеуге бағытталған жұмысқа кіріскенін айтты.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Армения мен Әзірбайжан шекарасындағы жағдайды реттеуге кірісті. Бұл туралы ұйымның баспасөз хатшысы Владимир Зайнетдинов айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

«Армян тарапының ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесіне Армения Республикасына көмек көрсету туралы жүгінуіне байланысты Ұйым хатшылығы ҰҚШҰ біріккен штабымен бірлесіп жағдайды реттеу үшін ҰҚШҰ механизмін іске қосу бойынша жұмысқа кірісті», — деп мәлімдеді Зайнетдинов.

ҰҚШҰ Армения-Әзірбайжан шекарасындағы қақтығыста күш қолдануға жол беруге болмайды деп атады. «Қақтығысты реттеу үшін Әзірбайжан, Армения және Ресей басшыларының 2020 жылғы 9 қарашадағы, 2021 жылғы 11 қаңтар мен 26 қарашадағы мәлімдемелерінде бекітілген саяси-дипломатиялық әдістер мен уағдаластықтар ғана пайдаланылуы керек», — деп атап өтті ұйымдағылар.

Бұған дейін Армения Әзірбайжанмен шекарадағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Ресейден көмек сұраған болатын. Сондай-ақ, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт және БҰҰ ҚК желісінен көмек сұрады.

Добавить комментарий