Үш адамды құтқарған өрт сөндіруші ауруханада ауыр халде жатыр. Оның денесінің 80%-ын күйік шалды. Ер адам комаға түсті.
ТЖД мәліметі бойынша, 16 қараша күні таңертең өрт сөндіру бөлімшелері шақытруға шықты: Бауыржан Момышұлы даңғылы, 14 мекенжайында орналасқан көпқабатты тұрғын үй кешенінде пәтерлердің бірінде өрт шыққан.
«Қазіргі таңда өрт сөндірушінің жағдайы өте ауыр. Батырдың есімі Асқар. Үйінде әйелі мен екі кішкентай баласы күтіп отыр. Асқар — бүгінгі күннің батыры. Алладан амандығын сұрайықшы. Қазір келіншегінің қолында Асқардың сағаты ғана қалды. Асқардың өмір сағаты тоқтамасын деп тілейікші. Бәрі жақсы болсын», — делінген хабарламада.
Ол үйдегі өртке жоғарғы қабаттан кіру үшін қорғаныш киімін шешіп, тек дем алу аппаратын ғана алған.