Үш адамды өлтірген қылмыскердің қаруы табылды

Полицейлер үш адам өлтірген қылмыскердің екі тапаншасы жасырынған жерді тапқанын айтты.

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 15 наурызда кешке Авангардтағы аялдама маңында «атқыштың» екі тапаншасы тәркіленді. Еске сала кетейік, Маңғыстау облысының 28 жастағы тумасы үш ер адамды өлтіріп, төртіншісін ауыр жарақаттаған.

Сол түні ол Атырау — Ақтау тас жолында Маңғыстау облысына қарай бара жатқанда Жылыой ауданының аумағында ұсталды, бірақ оның жанында қару болмады.

«19 наурызда Атырау полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қылмыс орын алған ықшам ауданның маңынан жерге көмілген екі тапаншаны тауып, тәркіледі. Қазіргі уақытта қару сараптамаға жіберілді», — деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.

 

Добавить комментарий