Сербия Президенті Украинадағы соғысқа қатысты пікір білдірді

Сербия президенті Украина аумағында «үшінші дүниежүзілік соғыс» болып жатқанын мәлімдеді.

Александар Вучич РФ мен Украина арасындағы соғыстан дүниежүзілік соғыстың барлық белгілерін көріп отырғанын және Балқан түбегінде бейбітшілікті сақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасау керек екенін мәлімдеді.

Вучич бұл туралы Србреницадағы геноцид мемориалы орналасқан Поточарадағы еске алу шарасына арналған сөзінде айтты. Ол босниялықтарға қарсы ауыр қылмыс жасалғанын, көп жылдар өткенімен әлі де зардаптары бар екенін, бірақ Сербияға қатысты «бұрынғыдан да қатты өшпенділік риторикасын» атап өтті.

Сербия Президенті «дүниежүзілік соғыс жағдайында бүкіл батыс әлемі Ресеймен украиндықтар арқылы соғысып жатқандықтан» үлкен өзгерістер болып жатқанын және қалыптасқан жағдай Балқан түбегіне де қауіп төндіретінін айтты.

«Балқан түбегінде барлығы екінші раунд күтіп отырған сыңайлы. Бізге мұны кез келген жолмен болдырмауымыз керек… Бізге бейбітшілік ғасыры керек», — деп атап өтті Вучич, «бізді қоршаған барлық екіжүзділікті білу керек», бірақ «қақтығыстардың қайта басталуына алып келетін шектен өтпеу керек» деп қосты.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Еуропалық парламент Сербияны Еуроодақтың Ресейге қарсы санкциялық шешімдеріне шұғыл қосылуға шақырды

Добавить комментарий