Сербия: Ірі алтын кен орны табылды

Сербияда жаңа алтын кен орны ашылды. Бұл туралы халыққа үндеуінде президент Александр Вучич мәлімдеді.

«Біз Жагубицадан гөрі әлдеқайда көп алтын бар тағы бір кен орнын таптық, — деп мәлімдеді Сербия президенті. — Қазір қосымша тексерулер жүргізілуде, бірақ алдын ала мәліметтерге сәйкес, әңгіме әлемдегі жүз алтын кен орынының бірі [ең бай], тіпті одан да үлкен кен орны турасында болуы мүмкін», — деп Rambler Вучичтің сөзін келтіреді.

Бұған дейін елдің тау-кен өнеркәсібі және энергетика министрі Дубравка Джедович-Негре Сербияның Жагубица муниципалитетінде алтын кен орны табылғанын мәлімдеген болатын. Ол бұл «бүкіл ел экономикасы үшін, әсіресе Шығыс Сербия үшін зор маңызға ие болуы мүмкін» екенін атап өтті.

Бұған дейін Қазақстанда алтын, көмір, темір және мыс кен орындары мемлекеттік меншікке қайтарылғаны хабарланған еді.

Добавить комментарий